2023 жылдың шілде айындағы спорттық оқиғалар

Шілде айының жоғарғы оқиғалары
Спорт түрі / пәні | Оқиға | Күні | Астана бойынша уақыты |
Dota 2 | The Bali Major 2023 | 29.06.23 - 09.07.23 | |
«Формула-1» | Австрия Гран-приі | 02.07.23 | 19:00 |
Теннис | Уимблдон, Лондон | 03.07.23 - 16.07.23 | |
Футбол | U21 Еуро-2023 финалы | 08.07.23 | 22:00 |
UFC 290 | Волкановски vs Родригес | 09.07.23 | 09:00 |
«Формула-1» | Ұлыбритания Гран-приі | 09.07.23 | 20:00 |
Футбол | Чемпиондар Лигасының 1-ші іріктеу кезеңі | 11.07.23 - 19.07.23 | |
«Формула-1» | Венгрия Гран-приі | 23.07.23 | 19:00 |
Футбол | Чемпиондар Лигасының 2-ші іріктеу кезеңі | 25.07.23 - 02.08.23 | |
Бокс | Кроуфорд - Спенс | 30.07.23 | 08:00 |
«Формула-1» | Бельгия Гран-приі | 30.07.23 | 19:00 |
Dota 2, The Bali Major 2023
Dota 2 бойынша The Bali Major - бұл 3500 ұпай сарапқа салынатын DPC маусымының соңғы турнирі. Жарыс нәтижелері The International 2023-ке жолдамаларды таратуда шешуші рөл атқарады. Жүлде қоры $500 000 құрайды.
Бүгінгі күні The Bali Major жүріп жатыр, сондықтан ойындарды тамашалап, дәл қазір матч алдында (рrematch) және ойын барысында (live) бәс тігуге болады. Турнирге әлемнің жоғарғы ұжымдары қатысады, оның ішінде: Tundra Esports, Gaimin Gladiators, Team Liquid, Team Spirit, BetBoom Team, 9Pandas, PSG.LGD, Shopify Rebellion, Evil Geniuses.
Уимблдон, теннис
Көгалдағы басты Grand Slam турнирінің негізгі кезеңі 3 шілдеде басталады. Іріктеудің қорытындысы бойынша Бүкіл Англия лаун-теннис пен крокет клубының көгалдағы корттарында бір-бірімен кездесетін жарысқа әлемнің ең үздік теннисшілері таңдалады.
Ерлер арасындағы соңғы 4 Уимблдонды Новак Джокович жеңіп алды. Қазір серб керемет формада, сондықтан оның өз атағын қорғауға барлық мүмкіндігі бар.
Әйелдер арасындағы жекелей сында Уимблдон-2022 турнирін жерлесіміз Елена Рыбакина жеңіп, атын тарихқа жазған үздік теннисші атанды. Бақытымызға орай, спортшы 2023 жылғы сәуір айының соңында алған жарақатынан айығып үлгерді және турнирге қатысады.
Уимблдонға, мейлі ол Рыбакина болсын немесе жарыстың басқа қатысушылары болсын, PIN-UP.KZ сайтында бәс тігуге болады.
FAQ
2023 жылдың шілде айында өтетін әлемдегі ең танымал спорттық іс-шаралар қандай?
2023 жылдың шілде айында аса күтілетін шаралар - Dota 2 бойынша The Bali Major турнирі мен Уимблдон теннис турнирі. Екі біріншілік те айдың бірінші жартысында өтеді. Шілде айының екінші жартысында аса маңызды оқиғалар аз болады, десе де бәс тігуге тұрарлық нәрселер табылады. Мысалы, «Формула-1»-дегі 4 Гран-при, ММА мен бокстегі жекпе-жектер, U21 Еуро-2023 финалы және футболдан Чемпиондар лигасына іріктеу кезеңі.
2023 жылдың шілде айында Қазақстанда қандай спорттық іс-шаралар күтілуде?
Қазақстанға қатысты оқиғалардың ішінде ең көп назардағысы - Уимблдон-2023. Оған біздің спортшылар: Александр Бублик пен Елена Рыбакина қатысады. Біріншісі жақында Германияда өткен ATP-500 турнирінде жеңіске жетсе, ал екіншісі алдыңғы Уимблдонның чемпионы. Қазақстанда атышулы матчтар болмайды. Елордалық футбол жанкүйерлері Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңі аясында өтетін «Астананың» өз алаңында Тбилисидің «Динамосына» қарсы ойынын тамашалай алады.